Медициналық мақсаттағы бұйымдарды тендер жүргізу тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың өткізілетіні туралы хабарландыру

 

ШЖҚ "Көп бейінді қалалық аурухана" МКК-ны БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ " Көп бейінді қалалық аурухана" МКК үшін медициналық мақсаттағы бұйымды тендер жүргізу тәсілімен сатып алулардың өткізілетіні туралы хабарлайды.

Сатып алуға бөлінген сома – 2 340 000,00    теңге.

Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, көлемдері және жеткізу шарттары, бағасы және сомасы, толық және нақты ерекшеліктері № 1 қосымшада көрсетілген.

Тауар БҚО, Орал қаласы, Астана ш/а ауданы., 16 құрылым, БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ " Көп бейінді қалалық аурухана " МКК-на жеткізілуі тиіс.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысының № 3-тарауында көрсетілген  біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысуға жол беріледі.

Тендерлік құжаттама бар пакетті ұсыну мерзімі – 2020 жылдың  26 наурызға  дейін мерзімді қоса алғанда, мына мекен-жай бойынша: БҚО, Орал қаласы, Астана мөлтек ауданы., 16 құрылым, В Блогі 4-қабат. 09.00-ден 18.00-ге дейін немесе gmb.uralsk@gmail.com электрондық поштамен алуға болады.

Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға болады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7112) 93-37-38.

 

Тендерная документация

Приложение №1

Приложение №2

Приложение №3